Абу-Дабиде жүзуден әлем чемпионаты өтіп жатыр

Қазақстандық Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу бойынша 25 орынға жайғасты, деп хабарлайды Хабар 24.

Ол тиісті қашықтықты 23,27 секундта жүзіп өтті. Бұл көрсеткіш өзінің жеке рекордын және бұған дейін өзіне тиесілі Қазақстан рекордын жаңартуға мүмкіндік берді. Бірақ отандасымыз жартылай финалға өте алмады.

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕГЕ ІЛІКПЕДІ.

Францияда фристайл-могулдан әлем кубогының кезекті кезеңі өтті. Бұл жарысқа ұлттық құраманың 8 өкілі қатысқан. Ең тәуір көрсеткішке Павел Колмаков қол жеткізді. Ол жалпы есепте сезінші сатыға тұрақтады. Сергей Романов - 44, Олег Цинн - 48, ал Антон Бондарев - 55 орындарға жайғасты. Әйелдер арасында Анастасия Городко жақсы өнер көрсетті. Ол жарыс нәтижесінде 10 көрсеткішке ие болды. Юлия Галышева мен Аяулым Әміренова сәйкесінше, 14 және 21 сатыларда.

Айта кетейік, желтоқсанның басында фристалдың акробатика түрі бойынша қазақстандық Жанбота Алдабергенова әлем кубогының күміс жүлдегері атанған болатын. Одан бері жерлестеріміз үздік үштікке іліге алмады. Осы жарыстардың нәтижесінде 2022 жылы Бейжіңде өтетін олимпиаданың жолдамалары таратылады.

ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ

Қолда тұрған жеңістен айырылды. Хоккейден ішкі біріншілік жалғасып жатыр. Кезекті тур аясындағы ең тартысты мачтардың бірі Көкшатауда өтті. Жергілікті Арлан павлодарлық Ертісті қабылдады. Қонақтар есеп ашты. Ал үшінші кезеңде, тіпті, 3:0 есебімен жеңіп жатты. Алаң иелері болса, 8 минуттың ішінде есепті теңестіріп үлгерді. Ал қосымша уақытта Арлан ойыншалары тағы да мергендігімен көзге түсіп, жеңісті жұлып алды. Шешуші голдың авторы – Данила Карабань. Осының арқасында Арлан турнир тізімінің бірінші сатысына жайғасты. Екінші орында Сарыарқа. Қарағандылық клуб бұл жолы Ақтөбе командасымен жолығып, 5:3 есебімен жеңіске жетті. Ал турнир тізімінің үздік үштігін атыраулық «Бейбарыс» түйіндеп тұр.

«МАНЧЕСТЕР СИТИ» РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ

Бір жылда 34 жеңіс. Бұл «Манчестер Ситидің» ағылшын премьер лигасындағы жетістігі. Сәйкесінше, өзіндік рекорд саналады. Бұған дейін ең жоғарғы көрсеткіш  «Ливерпульге» тиесілі еді. Олар 39 жыл бұрын 33 жеңіске жетті. Ал Хосеп Гвардиола баптайтын жігіттер бұл жолы «Ньюкасл» командасымен кездесіп, қарсыластар қақпасына жауапсыз 4 гол соқты. Осының арқасында манчестерлік клуб голдар саны бойынша ішкі рекордын да жаңартты. Яғни биылдыққа олар 106 доп соққан. 1992 жылы бұл көрсеткіш 104-ке тең еді. Сәйкесінше «Манчестер Сити» қазір Англия чемпионаты турнир тізімінің топ басына жайғасты. Одан кейінгі сатыда «Ливерпуль» және екеуінің арасын 3 ұпай бөліп тұр.