Ресейде Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокс турнирі өтті

Ресейде Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокс турнирі өтті.

Мәскеу түбіндегі шайқастың 80-жылдығына орайластырылған бұл жарысты қандастарымыз ұйымдастырды. Үш күнге жалғасқан сайыста қазақ, өзбек және Ресей командалары өзара мықтыны анықтады. 

Руслан Әбілов, бапкер:

-  Турнир жақсы өтті. Жылдан жылға дамитынына үміттіміз. Келер жылы да жарысқа қатысып, биылғыдай екі адам емес, толық құраммен келеміз. 

Ақсайын Намазов, турнир қонағы:

- Жастарымыз, халқымыз Мәскеуді кім қорғап, қан төкеннін білсін деп, осы шараны өткіздік. Ұлы Отан соғысына қатысқан барлық қаһарманға алғысымызды айтамыз.