Қазақстандық жасөспірімдер халықаралық додада топ жарды

Қазақстандық жасөспірімдер халықаралық додада топ жарды

Ташкентте өткен ережесіз жекпе-жектен қазақстандық балалар мен жасөспірімдер топ жарды. 10 спортшының 9-ы елге алтынмен оралды. Қоржында тағы 1 күміс бар.

Турнир 17-19 желтоқсан аралығында «Юнифайт» тұжырымы бойынша ұйымдастырылды. Мықтылығымен ерекшеленген жастарымыз осыдан 3 ай бұрын Қырғызстанда болған жарыста да жақсы нәтиже көрсеткен еді. Бұл жолы Өзбекстанда өткен халықаралық додаға Қазақстанмен бірге Тәжікстан, Қырғызстан және Шешенстаннан жас палуандар қатысты. Қатарластарынан оқ бойы озық шыққан жеңімпаздарды елордада жақындары мен жанкүйерлері қарсы алды.

Қайролла Қадірханұлы, жекпе-жек ұлттық спорт түрінен Ақмола облысының бапкері:

– Мұнда кішкене ауырлау болды. Өйткені қарсыластар кішкене физикалық тұрғыдан мық ы дайындалған. Ауылдың балалары болды. Тәжікстан мықты болды. Сосын Самарқанның балалары жақсы болды. Қаңтардан бастап балалар мен жасөспірімдер арасында өтетін Қазақстан біріншілігіне дайындаламыз. 

Әділет Дауханов, жарыс жеңімпазы:

–12 жасымнан бері қатысып келе жатырмын. Бірінші қарсыласым қатты болған жоқ. Тәжікстаннан келген кінші қарсыласым мықты болды.