Футзалдан 2022 жылғы Америка кубогының жеребесі тартылды

Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (CONMEBOL) футзалдан Америка кубогының жеребесін тартты.

Турнир 29 қаңтар мен 6 ақпан арасында Бразилияда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі conmebol.com сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы кезеңде 10 команда екі топқа бөлінген:

A тобы: Бразилия, Уругвай, Колумбия, Эквадор, Чили

B тобы: Аргентина, Парагвай, Венесуэла, Боливия, Перу.