Мария Агапова келесі жекпе-жегінің күнін жариялады

UFC аясында өнер көрсететін қазақстандық файтер Мария Агапова келесі жекпе-жегінің күні мен қарсыласының есімін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

24 жастағы павлодарлық спортшы өзінің Instagram парақшасында келесі жылдың 5 наурызында Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтетін UFC 272 турнирінде украиналық Марина Морозға қарсы жекпе-жек өткізетінін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, Мороз БАҚ арқылы Агапованы есірткі қолданды және агрессивті мінез-құлық көрсетті деп айыптаған болатын.

Қазіргі уақытта Агапова UFC аясында үш жекпе-жек өткізіп, екі рет жеңіске жетіп, бір рет жеңіліп қалған болатын.