Каратэден Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер командасы жүлдегер атанды

Алматыда каратэден ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін командалық жарыста Қазақстан әйелдер командасы қола жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан намысын Софья Берульцева, Сабина Захарова және Мөлдір Жаңбырбай қорғаған болатын. 

Кіші финалда қазақстандықтар Иран құрамасын жеңді. 

Ал Қазақстан ерлер командасы алтын медальға таласады. Олар да Иран командасымен жолығатынын естеріңізге саламыз. 

Сондай-ақ...