Софья Берульцева каратэден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Софья Берульцева каратэден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық каратеші Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс дүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ол финалда жапониялық Юдзуки Саваимен кездесті. Қос қарсылас арасындағы кездесу өте тартысты өтті. 

Нәтижесінде, отандасымыз қарсыласына жол беріп, құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдесіне ие болды. 

Айта кетерлігі, осыған дейін Андрей Актауов пен Мөлдір Жаңбырбай Азия чемпионатында алтынға қол жеткізген болатын.