434,07 496,10 5,71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Биатлоннан Оберхофтағы әлем кубогінің кезеңі көрерменсіз өтеді

  • 77
  • UPD: 10:43, 23.12.2021
Биатлоннан Оберхофтағы әлем кубогінің кезеңі көрерменсіз өтеді Prosports.kz

Биатлоннан германиялық Оберхофтағы Әлем кубогының кезеңі елдегі шектеулерге байланысты көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оберхофтағы жарыстар 3-9 қаңтар арасында өтеді. Германияда 12 қаңтарға дейін трибунада көрермендер болуына тыйым салынған.

Әлем кубогы кезеңінің ұйымдастырушылары Рупольдингтегі жарысқа көрермендер кіре алады деп үміттенеді - мұнда тек әйелдер спринті шектеуге тап болып отыр, бұл сайыс 12 қаңтарда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы