Қақпашы матч кезінде қайтыс болды

Индонезиялық «Торнадоның» қақпашысы Тауфик Рамси елдің үшінші дивизионындағы «Ваганаға» қарсы матчта қарсылас футболшысымен соқтығысқаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жастағы голкипер қарсыластан допты аламын деп алға шыққан сәтте футболшы қақпашының басынан теуіп жіберген. 

Рамси жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Қақпашы бірнеше күн комада жатып қайтыс болды.