Пеле ауруханадан шықты

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле ауруханадан шықты, деп хабарлайды Sky Sports.

81 жастағы Пеле жоспарлы химиотерапия курсынан өткен, деп жазады vesti.kz.

Еске салайық, мұның алдында футбол жұлдызы тоқ ішегіне шыққан артық өсіндіні кестіру бойынша операция жасатқан. Ісік тексеріс кезінде анықталған екен. Ал отадан кейін Пеле жансақтау бөліміне түсіп қалған болатын. Кейінгі жылдары ол сырқатпен күресіп келеді.