Қысқы спартакиада: спринт бойынша үздік биатлоншылар анықталды

Қысқы спартакиада: спринт бойынша үздік биатлоншылар анықталды

Алматыда қысқы Спартакиада аясында биатлоннан спринт бойынша бәсеке аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында 7,5 км қашықтықты ШҚО өкілі Елизавета Бельченко бағындырды. Ақмола облысының спортшысы Полина Егорова мәреге екінші болып жетті. Шығыс Қазақстандандық Галина Вишневская үздік үштікті түйіндеді. 

Ал ерлер арасында 10 км қашықтық бойынша қарағандылық Киреев Владислав көш бастады. Ақмолалық Бекентай Тұрлыбеков екінші болса, оның командаласы Мухин Александр үшінші орынға ие болды.