Шаңғышылар арасында масс-старт бойынша үздіктер белгілі болды

Қысқы Спартакида аясында шаңғы жарысы бойынша үздіктер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Шаңғы жарысынан ерлер арасында Ақмола облысының спортшысы Олжас Климин үздік атанды. Қостанайлық Артем Ковалев екінші болса, оның командаласы әрі ағасы Владислав Ковалев мәре сызығын үшінші болып кесіп өтті.

Айта кетерлігі, шаңғы жарысынан ерлер арасында масс-старт бойынша 35 спортшы жарыс жолына шықты.