Нұр-Сұлтандағы жекпе-жек кеші дауға ұласты

Алматыда Қысқы спартакиада жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні шаңғы және биатлон жарыстарынан үздіктер анықталды. Мәселен, шаңғының масс-старт түрі бойынша Ақмола облысының спортшысы Олжас Климин топ жарды. Ал биатлонның спринттік бәсекесінде Елизавета Бельченко мен Владислав Киреев чемпион атанды. 

Мұратбек Қасымбай жарысты жалғастырудан бас тартып, чемпиондық белдігін бере салды. Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпқой грэпплинг шеберлерінің бәсекесі өтті және ол түсініктсіз жағдайда аяқталды. Қазір спорт сарапшылары мен порталдары оны кеңінен талқылап жатыр. Басты кездесу жергілікті Мұратбек Қасымбай мен алматылық Самир Ахмедов арасында болған. Қос мықты жеңіл салмақтағы чемпиондықты белдікті сарапқа салды. Жекпе-жектің негізгі уақыт тең нәтижемен аяқталды. Ал қосымша уақытта Мұратбек кілемге шығудан бас тартты. Осылайша чемпиондық белдік автоматты түрде Самир Ахмедовке берілді. Кейін елордалық спортшы өз әрекетін жарыс алдындағы уәдесімен түсіндірді. Яғни, қарсыласпен тең түскен жағдайда, белдігімді бере салам деген болатын.

ҚЫСҚЫ ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫ

Қысқы жүгіру. Дәл осындай атаумен елордада арнайы жарыс өтті. Оның аясында қаланың 250-ге жуық тұрғыны демалыс күні таңертең паркке жиналып, жалпы физикалық жаттығу жасады. Артынша 10 шақырым аралықа жүгірді. Жарыс 5 жас деңгейі бойынша өтті. Нәтижесінде Архат Қалдыбек есімді әуесқой спортшы мәреге бірінші жетті. Дәл осылай әр жас деңгейі бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықтармен мапратталды. Қалалық әкімдік пен спортқа жауапты басқарма алдағы уақытта осындай форматтағы жарыстарды жиі өткізбек. Өйткені, ол бұқаралық спорттың дамуына және ұлт саулығын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосарына сенімді.

БЕЙЖІҢ ОЛИМПИАДАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Қоржындағы жолдамалар саны 60-тан асты. Ұлттық құрама Бейждің олимпиадасына дайындықты жалғастырып жатыр. Қазір бірқатар спорт түрі бойынша іріктеу сындары аяқталды. Нәтижесінде Қазақстан 7 спорт түрінен Қысқы ойындарға қатысуға мүмкіндік алды. Ал қалған бағыттарда лицензиялық турнирлер әлі өтіп жатыр. Олимпиадаға аттанатындардың толық тізімі 17 қаңтарда белгілі болады. Бейжің ойындарына бірер апта қалғанда спортшыларымыз үш базаға шақырылып, уақытша карантинге жабылады. Оның ішінде Алматыдағы шаңғы-биатлон және трамплиннен секіру кешендері мен елордадағы «Алау» мұз сарайы бар. Соңғысына коньки мен шорт-трек шеберлері жиналады. Санитарлық талаптар қатаң. Ұлттық құрама қытай астанасына қос чартерлік рейспен жеткізіледі.

Айта кетейік, Бейжіңдегі ойындар 4 ақпанда басталады.

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ...