434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Вячеслав Ким Қазақстан таеквондо федерациясының президенті қызметіне қайта сайланды

  • 80
  • UPD: 16:49, 27.12.2021
Вячеслав Ким Қазақстан таеквондо федерациясының президенті қызметіне қайта сайланды ҚР ҰОК

Ұлттық таеквондо федерациясы мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Вячеслав Ким Қазақстан таэквондо федерациясының (WT) президенті қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дауыс беру Қазақстан таеквондо федерациясының жыл сайынғы конференциясы аясында өтті. Сондай-ақ онда федерацияның Атқару комитетінің құрамы бекітіліп, биылғы маусым қорытындыланды.

Айта кетерлігі, Вячеслав Ким федерация басшысы қызметін 2013 жылдан бері атқарып келеді.

Сонымен қатар Вячеслав Ким 2018 жылы Алматы триатлон федерациясының «Алматы триатлон федерациясы» Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды. Сондай-ақ Кэндо және Иайдо федерациясының президенті болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы