434,58 496,10 5,74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Барыс» басты бәсекелесті жеңді

  • 100
  • UPD: 10:51, 28.12.2021
«Барыс» басты бәсекелесті жеңді

«Барыс» жеңіске жетті. Елордалық клуб құрлықтық лига аясында басты бәсекелесі «Автомобилист» клубымен кездесті.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен матчта алаң иелері есеп ашты. 4-минутта Никита Михайлис мергендігімен көзге түсті. Артынша қонақтар есепті теңестірді. Екінші кезеңде де дәл осы жағдай қайталанды. «Барыс» сапынан Кертис Волк, ал «Автомобилист» сапынан Анатолий Голышев бір-бір голдан соқты. Негізгі ойын уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта да мықтыны анықтау мүмкін болмады. Амал жоқ, булиттер сериясы ұйымадастырылды. Бұл сында «Барыс» басымдық байқатты. Соның арқасында Юрий Михаилис баптайтын жігіттер ұпай көрсеткішін 42-ге жеткізіп, Шығыс Конференциясының 8-сатысына көтерілді. Ал «Автомобилист» 40 ұпаймен тоғызыншы тұр. Қазақстандық клуб жыл соңына дейін тағы бір ойын өткізеді. 29 желтоқсан күні өз алаңында «Салават Юлаевты» қабылдайды.

Хабар 24 телеарнасы