Гвардиола 2021 жылдың үздік бапкері атанды

FourFourTwo басылымы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 50 үздік жаттықтырушының жеке тізімін ұсынды, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші орын «Манчестер Ситидің» бапкері Хосеп Гвардиолаға бұйырды. 2021 жылы ол командасымен Ағылшын Премьер-лигасы мен Ағылшын лигасының кубогында топ жарды. Чемпиондар лигасының финалында ойнады.

Екінші орынды «Челсидің» бас бапкері Томас Тухель иеленді. Оның жетекшілігімен лондондықтар Чемпиондар лигасы мен Уефа суперкубогын жеңді. Үздік үштікке «Ливерпульді» тізгіндейтін Юрген Клопп кірді.