Әлемдік рейтинг: екі қазақстандық дзюдошы үздік ондыққа енді

Әлемдік рейтинг: екі қазақстандық дзюдошы үздік ондыққа енді
olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жылдың қорытынды рейтингін жариялады, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов алғашқы ондыққа енді. Олар тиісінше 9,10-орындарды иеленген. 

66 келідегі Елдос Жұмаханов 19-шы, Ерлан Серікжанов 22-сатыда. 

73 келідегі Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте 8-орында тұр. 

81 келіде Дидар Хамза 32-ші сатыға тұрақтаса, 90 келіге дейінгі салмақта Ислам Бозбаев 18-орынға табан тіреді. 

Аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев 33-орыннан көрінді. Келесі маусымда Сметов пе Қырғызбаев 66 келіге, Серікжанов 73 келіге ауысады.  Ал Елдос Жұмаханов спорттағы мансабын аяқтады.