Роналду «Барселонаға» ауыса ма

Криштиану Роналдудың агенті Жорже Мендеш өз клиентінің «Барселонаға» ауысуы жайлы алып-қашпа әңгімелерге жауап берді, деп хабарлайды vesti.kz.

«Роналду өзін «Манчестер Юнайтед» сапында бақытты сезінеді. Әдеттегідіей ол кезекті командасында әдемі ойын көрсетуін жалғастыра бермек. Криштианудың «қызыл сойқандар» сапында жақсы маусымын өткізетініне сенімдімін», - деп жазады журналист Фабрицио Романо португалиялық агенттің сөзін келтіре отырып.

Еске салайық, Португалия құрамасының капитаны спорттық карьреасында «Спортинг» (3 гол), «Манчестер Юнайтед» (92 гол), «Реал» (311 гол) және «Ювентус» (81 гол) клубтарында ойнаған.