Лионель Месси коронавирус жұқтырды

Аргентиналық «Пари Сен-Жермен» футболшысы Лионель Месси коронавирус жұқтырды. Бұл Француз клубы ақпаратты сайтында расталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Лео Месси, кіші Неймар, Хуан Бернат, Серхио Рико және Натан Битумазалдың коронавирусқа қарсы тест нәтижесі оң болып шыққан.

«Қазір олар оқшауланды және денсаулық туралы хаттамаға бағынады», – делінген клубтың сайтында.

Кіші Неймар 9 қаңтарға дейін Бразилияда медицина қызметкерлерінің қарауында болып ем алады. Ем алуды «Пари Сен-Жермен» командасының қызметкерлерімен бірге жалғастырады. Ол шамамен 3 аптадан кейін жаттығуға оралуы мүмкін.