«Барыс» жылдың алғашқы матчын өз айдынында Риганың «Динамосымен» өткізеді

«Барыс» жылдың алғашқы матчын өз айдынында Риганың «Динамо» командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойын елорда уақытымен сағат 17:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Юрий Михайлистің шәкірттері 44 бәсекеден кейін 42 ұпай жинап, Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді. Ригалықтар 43 ойыннан кейін 37 ұпаймен Батыс конференциясында 12-сатыда тұр.

«Барыс» жаңа жылдың алдында өз айдынында «Салават Юлаевқа» тартысты ойында 1:2 есебімен есе жіберсе, «Динамо» сырт айдында овертаймда Нижний Новгородтың «Торпедосын» (4:3) ұтты.

Қарсыластар қыркүйекте Ригада кездесіп, онда айдын иелері 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан бүгінгі ойын «Барысқа» оңайға түспейді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» «Салават Юлаев» командасына есе жібергенін жазған болатынбыз.