Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан командасына іріктеу турнирі өтеді

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан командасына іріктеу турнирі өтеді
Olympic.kz.

Қаңтар айында отандық үстел теннисі шеберлерін екі маңызды жарыс күтіп тұр, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жылдың алғашқы айында ұлттық құрамаға іріктеу турнирі өтеді. Сондай-ақ Павлодарда жекелей және командалық ел біріншілігінің жалауы желбірейді.

Қарағандыдағы турнирде 2021 жылғы Қазақстан біріншілігінде көзге түскен 12 үздік спортшы бақ сынайды. Олардың қатарына іріктеу сынында топ жарған төрт жеңімпаз қатысады. Былтыр іріктеу турнирінде Айдос Кенжеғұлов пен Анастасия Лаврова жеңіске жеткен болатын. 

Ал Павлодардағы ел чемпионатына жеңімпаз ретінде Алан Құрманғалиев пен Сарвиноз Мирадирова аттанады.