434,34 494,00 5,52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды

  • 126
  • UPD: 21:56, 04.01.2022
Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды blogspot.com

Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Prosports.kz. 

Тізімде он бес ойыншы бар, бірақ оқу-жаттығу жиынынан кейінгі команданың соңғы өтінімі он төртке дейін қысқарады. 

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Нарун Серіков («Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Эль Позо», Испания), Дуглас («Қайрат»), Шыңғыс Есенаманов («Қайрат»), Альберт Ақбалықов («Қайрат»), Біржан Оразов («Қайрат»), Дәурен Тұрсағұлов («Қайрат»), Арнольд Кнауб («Динамо-Самара», Ресей), Лео (Норильск Никель, Ресей), Нұрбек Қарағұлов (Ақтөбе), Азат Валиуллин (Аят), Жомарт Тоқаев (Атырау), Ерсұлтан Сағындықов («Атырау»). 

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландта өтеді. Қазақстан құрамасы Италия, Словения және Финляндиямен бір топта өнер көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы