«Тур де Ски»: қазақстандық спортшылардың жалпы есептегі нәтижесі

Шаңғымен жарысудан алты кезеңге созылған «Тур де Ски» көпкүндігі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде алты кезең қорытындысы бойынша ресейлік Наталья Непряева топ жарды. Екінші орынды швециялық Абба Андерсон, үшінші орынды норвегиялық Хайди Венг иеленді. 

Қазақстандық шаңғышылар арасынан Ксения Шалыгина жалпы есепте 46-орын иеленді.