Құрлықтық лиганың матчтары өтпей қалды

Оның ішінде «Барыс» қатысатын кездесулер бар болатын, деп хабарлайды Хабар 24.

Мәселен, елордалық клуб күні кеше Торпедо командасымен жолығуы керек еді. Бірақ қарсыластар сапындағы 11 бірдей ойыншы короновирус жұқтырып, матч кейінге қалдырылды. Дәл осылай Торпедо мен Кунь-Лунь кездесуі де болмайды. Ал лига бойынша індет ілмегіне іліккендер саны 127-ге жетті. Осыған байланысты жалпы чемпионатты тоқтату туралы да мәселе көтерілген. Бірақ басы-қасындағылар әзірге жалғастыруды жөн көрді. Сәйкесінше, Барыс ертең Витязьбен ойнайды. Матч сырт алаңда өтеді.

Айта кетейік, Юрий Михаилис баптайтын жігіттер осының алдында сырт алаңда Мелаллургпен жолығып, қосымша уақытта 4:3 есебмен басым түсті. Бас бапкер бұл  жеңісті Қазақстанда қиын жағдайға тап болған жанкүйерлерімізге арнаймыз деді.