Қуат Хамитов мансабын аяқтады

Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға өз ұстанымын білдіргені үшін ОМОН қызметкерлері ұстаған файтер Қуат Хамитов мансабын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

11 қаңтарда танымал спортшыны үйінен ОМОН қызметкерлері ұстап әкетіп, бірнеше сағат қамауда болған. Ертесіне спортшыны босатқан соң оның сау жері жоқ фотосы желіде тарады. Анасының айтуынша, Қуат Хамитовты ұстауда болғанда аясыз таяққа жыққан. 

Бүгін Instagram-парақшасында спортшы өзін неге ұстап әкеткенін түсінбейтінін мәлімдеді. Оған қоса, құқық қорғаушы органдардың іс-әрекеті заңсыз болғанын айтты.

Сөз соңында Қуат Хамитов әлі 5 жыл жұдырықтасуды жоспарлағанын, алайда соңғы болған жағдайларға байланысты мансабын аяқтайтынын жеткізді.