Фристайл-акробатикадан Олимпиада жолдамасына талас жалғасты

Олимпиада жолдамасына талас жалғасып жатыр. Бұл жолы фристайл-акробатика шеберлері Америкада бас қосып, өзара мықтыны анықтады.

Олардың арасында қазақстандық спортшылар да бар. Әлем Кубогінің кезекті кезеңінде бір ғана спортшымыз іріктеуден сәтті өтті. Ақмаржан Қалмұрзаева 81,40 ұпай жинап, жалпы есепте 10-сатыға тұрақтады. Келесі айналымға алдыңғы 12 спортшы өтеді. Қалған қыздарымыздың көрсеткіші төмен. Мәселен, Аяна Жолдас 21 орынға жайғасса, Жанбота Алдабергенова жарыс қорытындысы бойынша 27-көрсеткішке ие болды. Жарыс жеңімпаз австралиялық Лаура Пил атанды. Оның еншісінде 118,05 ұпай бар. Дир-Вэлли аймағындағы әлемдік дода 14 қаңтарға дейін жалғасады.

Сондай-ақ...