Юлия Галышева АҚШ-тағы әлем кубогін 11-орынмен аяқтады

Бұл күндері АҚШ-тың Дир-Вэлли аймағында фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр.

Турнир аясында әйелдер арасындағы финалдық бәсеке аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші финалда қазақстандық Юлия Галышева 11-орын иеленіп, екінші финалдық кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Аяулым Әміренова 28-орында.

Олимпиада чемпионы Перрин Лаффон бұл сында жеңіске жетті. Екінші орында – жапондық Анри Кавамура, үшінші орында австралиялық Энтони Джакара орналасқан.