Әлем кубогі: Польшада шаңғымен трамплиннен секіру кезеңінің іріктеу додасы тоқтатылды

Шаңғымен трамплиннен секіру кезеңінің іріктеу додасы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Хабар 24 Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Закопанеде бұл күндері шаңғымен секіруден әлем кубогі кезеңдері өтіп жатыр. Әлем кубогі кезеңі аясында іріктеу додасы жексенбіге ауыстырылды.

Халықаралық шаңғы федерациясы желге байланысты іріктеуді тоқтатып, жаңа кесте ұсынған.