Қазақстандық теннисші Египетте өткен ITF M15 жарысының жеңімпазы атанды

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Мысырда өткен ITF M15 жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясы мәліметінше, Г.Ломакин тайбэйлік Рэй Хомен бірге финалда турнирдің бірінші ракеткалары, зимбабвелік Бенджамин Лок – Польша өкілі Даниэль Михальскимен бас жүлдені сарапқа салды. Тең дәрежеде өткен матч тағдыры тай-брейкте шешілді. Г.Ломакин мен Р.Хо 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық теннисші жұптық сында ITF сериясында 15, биылғы бірінші титулына қол жеткізді.