Бейжің-2022: қысқы Олимпиададағы биатлоншылар бәсекесінің жарыс кестесі

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында өтеді. Алайда бірінші бәсекелер 2 ақпанға жоспарланған. Осы орайда Olympic.kz биатлоншылардың Олимпиададағы жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.

Қысқы Олимпиададағы биатлоншылар бәсекесі 5-19 ақпан аралығында өтеді. Спортшылар 11 жүлде жиынтығын сарапқа салады. 

Биатлоннан жарыс кестесі: 

5 ақпан, аралас эстафета; 

7 ақпан, жекелей сын, әйелдер;

8 ақпан, жекелей сын, ерлер; 

11 ақпан, спринт, әйелдер; 

12 ақпан, спринт, ерлер;

13 ақпан, із кесу жарысы, әйелдер; 

13 ақпан, із кесу жарысы, ерлер; 

15 ақпан, ерлер эстафетасы; 

16 ақпан, әйелдер эстафетасы; 

18 ақпан, масс-старт, ерлер; 

19 ақпан, масс-старт, әйелдер. 

Биатлоншылар додасы Ұлттық биатлон орталығында өтеді.