425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Теннисші Джоковичтің басы дауға қалды

  • 146
  • UPD: 10:49, 17.01.2022
Теннисші Джоковичтің басы дауға қалды

Сербиялық теннисші Австралия ашық біріншілігіне қатыса алмайды.

Новак Джоковичке қатысты мәселе виза алу кезінде туындаған. Оның коронавирусқа қарсы екпе алмауға мүмкіндік беретін медициналық жеңілдігі бар. Ал биылғы «Үлкен Дулыға» турнирінің қатысушылары үшін вакцинация міндетті. Әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі сотта жеңілді. Нәтижесінде ол аустралиялық виза ала алмай, елден депортацияланды. Енді Аустралия ашық чемпионатында оның орнын италиялық Сальваторе Карузо басады. Себебі негізгі кезеңде ойнауы тиіс теннисші матчтан шеттетілсе не келмей қалса, орнын іріктеуден өтпей қалған теннисші басады.

Айта кетейік, биыл байрақты бәсекеге 9 қазақстандық теннисші жолдама алды. Мұндай көрсеткіш ел тархында бұрын-соңды болмаған. Жарыстің өзі бүгін басталады.

БИАТЛОННАН ӘЛЕМ КУБОГЫ

Олимпиада жолдамасына талас аяқталды. Қазір қысқы спорт түрлері бойынша соңғы лицензиялық турнирлер өтіп, үздік спортшылар тізімі жасалуда. Ең соңғы жарыстардың бірі Германияның Рупольдинг қаласында болды. Бұнда биатлон шеберлеі өзара мықтыны анықтады. Әлем кубогының соңғы жарыс күні ерлер және әйелдер арасындағы із кесу бәсекелері өтті. Кейінгісінде ел намысын Галина Вишневская-Шепоренко қорғаған. Ол жалпы есепте 50-ші сатыға тұрақтады. Ал жарыс жеңімпазы норвегиялық Марте Ослбю-Ройселанн атанды. Екінші және үшінші орындарды швециялық спортшылар иемденді. Бүгін олимпиада жолдамасын алғандардың нақты тізімі шығады. Бейжіңдегі ойындардың өзі 4 ақпанда басталады. Дәл осы баитлон шеберлері 5 ақпанда жарысқа араласады және бұл бәсекелер 19 ақпанға дейін жалғасады. Биатлоннан бас-аяғы 11 олимпиадалық медаль жиынтығы сарапқа салынады.

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

Құрлықтық дода кейінге қалдырылды. Ақпан айында Нұр-Сұлтан қаласы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатын қабылдауы керек еді. Тіпті, оған 29 мемлекеттің құрамасы қатысатынын растап та қойды. Бірақ елдегі эпидахуалға байланысты, әсіресе, «Омикрон» штамының өршуіне байланысты жарыс кейінге қалды. Бұл жөнінде Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы хабарлады. Байрақты бәсеке енді 2023 жылы өтеді деп жоспарланып отыр.

Айта кету керек, елордада бұндай жарыс алғаш рет ұйымдастырылмақ. Азия чемпионаты «Қазақстан» жеңіл атлетика манежінде өтеді. Су жаңа спорттық кешенде бір ай бұрын жеңіл атлетикадан халықаралық жарыс болды. Онда 150-ден аса спортшы 16 бағытта өзара мықтыны анықтады.

РЫБАКИНА ТАҒЫ ДА РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ

Әйелдер теннисі қауымдастығы жаңарған рейтингті жариялады. Оған сәйкес қазақстандық Елена Рыбакина 12-ші орынға көтерілді. Бұл отандық теннисте бұрын-соңды болмаған жетістік. Сондай-ақ Юлия Путинцева бір саты жоғарылап, 42-ші орынға тұрақтады. Ал Зарина Дияс 104-ші орында.

 

 

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы