Australian Open-2022: Юлия Путинцева алғашқы айналымда жеңілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева теннистен Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Путинцева франциялық Хармони Таннан жеңіліп қалды – 3:6, 3:6.

Матч 1 сағат, 18 минутқа созылды.

Еске салайық, Юлия Путинцева жұптық сында София Кенинмен бірге Cюй Ифань және Ян Чжаосюань дуэтімен кездеседі.