«Реал Мадрид» Испания cуперкубогын жеңіп алды

 Сауд Арабиясында Испания Суперкубогының финалдық матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақтық кездесуде жартылай финалда «Барселонаны» 3:2 есебімен жеңген «Реал Мадрид» пен «Атлетиконы» 2:1 есебімен ұтқан «Атлетик» (Бильбао) кездесті.

Ойын 2:0 есебімен мадридтік клубтың пайдасына шешілді. «Корльдік клуб» әр таймда бір голдан соқты. Бірінші таймда Лука Модрич, екінші таймда Карим Бензема көзге түсті. 

Матч аяқталар тұста, «Реал» қақпасына пенальти белгіленіп, Эдер Милитао алаңнан қуылған еді. Бірақ «Атлетик» есеп айырмасын қысқарта алмады. Рауль Гарсияның соққысын Тибо Куртуа сәтті қайтарды. 

Испания Суперкубогы. Финал

«Реал» (Мадрид) – «Атлетик» (Бильбао) 2:0 (1:0)

Гол соққандар: 38' Модрич, 51' Бензема (пенальти).