Бейжің 2022: конькимен жүгіруден жарыс кестесі

Бейжің Олимпиадасында конькимен жүгіруден 14 жүлде жиынтығы сарапқа салынады.

Бұл ойындағы ең ұзаққа созылатын жарыс түрі. Конькишілер додасы 5-19 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды Оlympic.kz.

5 ақпан, 3000 м, финал, әйелдер; 

6 ақпан, 5000 м, финал, ерлер; 

7 ақпан, 1500 м, финал, әйелдер;

8 ақпан, 1500 м, финал, ерлер;

10 ақпан, 5000 м, финал, әйелдер; 

11 ақпан, 10000 м, финал, ерлер; 

12 ақпан, командалық із кесу жарысы, іріктеу, әйелдер; 

12 ақпан, 500 м, финал, ерлер; 

13 ақпан, 3200 м, командалық із кесу жарысы, ерлер; 

13 ақпан, 500 м, финал, әйелдер;

15 ақпан, 2400 м, командалық із кесу жарысы, финал, әйелдер; 

15 ақпан, 3200 м, командалық із кесу жарысы, финал, ерлер; 

17 ақпан, 1000 м, финал, әйелдер; 

18 ақпан, 1000 м, финал, ерлер; 

19 ақпан, масс-старт, әйелдер;

19 ақпан, масс-старт, ерлер. 

Конькимен жүгірушілер бәсекесі Ұлттық конькимен жүгіру стадионында өтеді. Стадион 2022 жылғы қысқы ойындарға арнайы салынған.