Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева елге оралды

Бүгін спортшы қызды жанкүйерлері мен жақындары елорда әуежайында қошеметпен күтіп алды. Зияткерлер арасындағы жаһандық жарыс Польша астанасы Варшава қаласында өткен болатын.

Бибісара Асаубаева блицте бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасындағы ең жас шахматшы атанды. Бұған қоса Бибісара рапидте 2-орынды иеленді.

Бибісара Асаубаева, шахматтан әлем чемпионы:

- Жарыс 5 күн өтті. Алғашқы үш күн ішінде рапид сайысы болды, кейін блиц басталды. Мен бірінші рет әйелдер арасында өнер көрсеткендіктен жарыс қиын болды. Қатысушылардың ойын деңгейі жоғары. Бірақ өз мақсатыма жеттім.