«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски жыл үздігі атанды

Халықаралық футбол федерациясы 2021 жылдың нәтижелерін сараптап, осындай тоқтамға келді, деп хабарлайды Хабар 24.

Оған сәйкес «Бавария» шабуылшысы ең үздік футболшы деп танылды. Алдыңғы үштікте Лионель Месси мен Мохамед Салах бар. Ал Криштиану Роналду тек 7 сатыдан табылды. Бірақ португалиялық спортшы ұлттық құрама сапында гол соғудан әлем рекордын орнатқаны үшін  ФИФА-ның арнайы сыйлығын алды. Ал өткен жылы ең көп гол соққан Роберт Левандовски екен. Ол «Бавария» сапында 69 мәрте, ал Польша құрамасының сапында 59 мәрте мергендігімен көзге түскен. Бұған қоса, ең үздік бапкерге де сыйлық табысталды. Бұл құрметке «Челсидің» жаттықтырушысы Томас Тухель лайық деп танылды. Лондондық клуб былтыр чемпиондар лигасында топ жарған болатын.