415,12 450,91 7,40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Australian Open: Елена Рыбакина Зарина Диясты жеңіп, екінші айналымға шықты

  • 89
  • UPD: 14:37, 18.01.2022
Australian Open: Елена Рыбакина Зарина Диясты жеңіп, екінші айналымға шықты olympic.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Рыбакина бастапқы кездесуін отандасы, рейтингте 104-орында тұрған Зарина Дияспен өткізді. Бірінші партияда Елена брейкпен алға кетті – 4:1. Дегенмен Зарина ізінше қайыра брейк жасап, таразы басын теңестірді – 3:4. Тай-брейкте З.Дияс сәттірек ойнады – 7:6 (7:3). Е.Рыбакина екінші сетті брейкпен бастағанымен, Зарина қайта теңестірді – 2:2. Есеп 5:4 болып, З.Дияс алға шыққанда, Елена медициналық көмекке жүгінді. Зарина матчболды пайдалана алмаса, тай-брейкте Е.Рыбакина басымдылық көрсетті – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияда Қазақстанның бірінші ракеткасы 6:1 есебімен жеңді.

Елена екінші айналымда рейтингте 74-сатыдағы қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы