433,30 450,91 6,70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бейжің олимпиадасына билет сатылмайды

  • 154
  • UPD: 15:45, 18.01.2022
Бейжің олимпиадасына билет сатылмайды

Бейжің олимпиадасының басталуына 20 күндей қалды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бірақ қысқы Олимпиадаға билет сатылмайды. Бұл туралы Ойындардың ұйымдастыру комитеті, өз сайтында хабарлады. Ал қатыстырылатын көрермендер коронавируспен күрес шараларының талаптарына жауап беретін адамдардың арасынан таңдалып алынады. Жаңа ережелер қиын эпиджағдаймен байланысты, сондай-ақ спортшылар мен іріктелген көрермендердің қауіпсіздігін сақтау үшін енгізілген.  Қытай спорт сайысына шетелдік азаматтардың келе алмайтынын былтыр қыркүйек айында айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, қысқы Олимпиада ақпанның 4-і мен 20-сы, ал Параолимпиада наурыздың 4-і мен 13-і аралығында өтеді.

Чжао Лицзянь, ҚХР СІМ ресми өкілі:

– Ковид жаңа екпінмен өршіп барады. Әсіресе омикронның бет алысы жаман. Қытай үкіметі мен халқы Коммунистік партияның басшылығымен коронавирусты еңсеру үшін жан-жақты, ұтымды және қарқынды саясат жүргізіп жатыр. Сондықтан Олимпиаданың қарсаңында эпидемияға қарсы қабылданып жатқан іс-шаралардың тиімділігіне шүбә келтірмесеңіздер болады.

Хабар 24 телеарнасы