Футзал: Қазақстанның Еуропа чемпионатына қатысатын құрамы анықталды

Пауло Рикардо Кака бастаған футзалдан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Еуропа чемпионатына қатысатын соңғы құрамды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионат 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландта өтеді.

Қазақстан құрамасының құрлық біріншілігіне қатысатын құрамы:

Қақпашылар: Игита (2), Рауан Атантаев (1)

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан (3), Нұрбек Қарағұлов (4), Эдсон (5), Лео (6), Азат Валиуллин (7), Альберт Ақбалықов (9), Шыңғыс Есенаманов (10), Арнольд Кнауб (11), Дәурен Тұрсағұлов (12), Жомарт Тоқаев (13), Дуглас (14), Біржан Оразов (17).

Топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Финляндия, Италия және Словения құрамаларымен кездеседі.