«Реалдың» аты аңызға айналған ойыншысы қайтыс болды

18 қаңтарда 88 жасқа қараған шағында «Реал Мадрид» футбол клубының аты аңызға айналған ойыншысы әрі президенті Франсиско Хенто дүниеден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz

Мадридтік клуб ресми сайтында атақты футболшының қайтыс болуына орай жазба жариялап, оның туыстарына, әріптестеріне және жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар оның ұлы футболшы ретінде ел есінде мәңгі қалатынына сенім білдірді. 

Айта кетейік, Хенто — Еуропа чемпиондар кубогын алты рет жеңіп алған тарихтағы жалғыз футболшы. Ол 1953 жылдан 1971 жылға дейін мадридтік клубта өнер көрсетті. 18 маусымда ол 6 Еуропа кубогын, 12 Испания чемпионатын, екі Испания кубогын және басқа да бірқатар турнирді жеңіп алды. «Реал» сапында жалпы 23 жүлде алған. Корольдік клуб сапында Хенто 600 матч өткізіп, 182 гол соқты.