«Ертістің» экс-директоры бас бостандығынан айырылды

«Ертістің» бұрынғы директоры Жанайдар Дүйсембаев салықтан жалтарғаны үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Хабар 24» Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Дүйсембаев клубты 2016-2018 жылдар аралығында басқарған.

Еске салайық, клубтың басқа бұрынғы жетекшілері Серік Умарханов пен Ардақ Тұрсұқпаев та қамалған еді.