Futsalplanet Awards 2021: Қазақстан құрамасы үздіктер қатарында

Futsalplanet.com порталы жыл сайынғы Futsalplanet Awards 2021 жүлдесінің жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасындағы футзалдан әлемнің ең үздік қақпашысы атағын Гитта деген атпен танымал бразилиялық футзалшы Тиаго Мендес Роша жеңіп алды. Жалпы ұпай саны – 299. Дәл осы номинацияға Қазақстан мен «Қайрат» қақпашысы Игита ұсынылды. Ол екінші орын иеленді.

«Үздік ерлер командасы» номинациясында Португалия құрамасы жеңіске жетті. Қазақстандықтар үшінші орында. Жалпы ұпай саны – 171.

«Ерлер құрамасының үздік жаттықтырушысы» номинациясында португалиялық Хорхе Гомес Брас жеңіске жетті. Ал Қазақстан құрамасының бапкері Пауло Рикардо Кака үшінші орынға тұрақтады. Ұпай саны – 193.

Сондай-ақ...