Қазақстандық теннисші Australian Open 2022 турнирінің екінші кезеңіне өтті
- 130
- UPD: 14:27, 19.01.2022

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Australian Open 2022 турнирін жұптық сайыста бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мельбурндағы турнирде Данилина бразилиялық Беатриз Хаддад Майямен дуэтте өнер көрсетеді. 1/32 финалдық кездесуде олар Анна Бондарь / Оксана Калашникова жұбымен ойнады. Нәтижесінде кездесу Данилина мен Майяның жеңісімен аяқталды – 6:4, 6:4.
