Аслан Дарабаев «Астана» ФК сапына қосылды

«Астана» футбол клубы қазақстандық жартылай қорғаушы Аслан Дарабаевпен келісімшартқа отырғанын хабарлады.

Қарағанды облысының тумасы Аслан футболшы мансабын жергілікті «Шахтер» клубында бастаған. Ел чемпионаты аясында алғаш 2008 жылы алаңға шығып, келесі жылы ел біріншілігінің қола жүлдесін қанжығасына байлаған.

Отандық хавбек Павлодардың «Ертіс» құрамында да өнер көрсетіп, 43 рет алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 7 гол салып, 6 ассист берген. Асланның соңғы клубы – маңғыстаулық «Каспий». Бұл құрамда 31 ойынға қатысып, 5 гол соғып, 4 рет нәтижелі доп берген болатын.

Аслан Дарабаев

Туған күні: 21 қаңтар, 1989 жыл

Азаматтығы: Қазақстан

Позициясы: жартылай қорғаушы

Бойы: 174 см

Салмағы: 78 кг