Рыбакина Australian Open матчын жалғастырудан бас тартты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатындағы сапарын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші айналымда Рыбакина әлемнің 74-ракеткасы қытайлық Чжан Шуаймен кездескен. Бірінші сетте қытайлық теннисші 6:4 есебімен жеңді. 

Екінші сетте Рыбакина бірінші геймде жеңіліп қалғаннан кейін жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. 

Матч 43 минутқа созылды. 

Чжан Шуай (Қытай) – Елена Рыбакина (Қазақстан) 6:4, 1:0 (бас тартты)