Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына шыға алмады

Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына шыға алмады
Vesti.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик польшалық Ян Зелинскиймен бірге Австралия ашық чемпионатының жұптық сынында екінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда қазақ-поляк жұбы америкалық Маркос Хирон мен оңтүстіккореялық Квон Сун Вуға есе жіберді.

56 минутқа созылған кездесу 3:6, 4:6 есебімен аяқталды.