Конор МакГрегордың UFC-де кезекті жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды

UFC ұйымының президенті Дана Уайт екі салмақ бойынша промоушеннің бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегордың қашан жекпе-жек өткізетінін айтты, деп жазады vesti.kz порталы. 

«Менің ойымша, ол жазда оралады. Бірақ нақты деп айтуға келмейді. Барлығы оның жарақаты қашан жазылатынына және тағы жазға дейін болып қалуы мүмкін миллион себепке байланысты. 

МакГрегорға қатысты өтірік ақпарат таратудың қажеті жоқ. Конор маған қоңырау шалып, дайынмын десе, біз оның келесі кездесуі туралы сөйлесеміз», – деді Уайт ESPN MMA арнасына берген сұхбатында. 

Еске салайық, мұның алдында МакГрегор UFC 264 турнирінде американдық Дастин Порьемен кездесіп, жеңіліп қалды. Бұл айқастың бірінші раундында ирландиялық аяғын сындырып алды.