Қырғызстанда жол апаты болып, футболшылар Асат Алимов пен Жахонгир Махмудов қаза тапты, деп хабарлайды Prosports.kz prosports.kg сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратты Ош қаласының милиция қызметінің баспасөз қызметі растады.
Ведомство өкілінің мәліметінше, «Мерседес-Бенц» пен «Хендай Портер» маркалы автокөліктер соқтығысқан. Қаза тапқан ойыншылар «Нұр-Баткен» клубында ойнаған.
Turmush порталының мәліметінше, тағы бір футболшы жарақат алған.
«Нұр-Баткен» ФК ойыншылар командамен 20 қаңтарда келісімшарт жасасқанын мәлім етті. Кейін олар 23 қаңтарда демалып, үйіне қайтып бара жатқан.
