Мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионатында М.Шайдоров үздік ондыққа енді

Эстонияның Таллин қаласында мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін ерлер арасындағы қысқа бағдарлама аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ерлер арасындағы қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша қазақстандық Михаил Шайдоров 8-ші, Диас Жирентаев 12-орын алды. 

Шайдоров 75,96 ұпай жинаса, Жирентаев 66,92 ұпай еншілеген. 

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Оңтүстік Корея өкілі Чха Чжун Хван 98,96 ұпаймен көш бастап келеді. Екінші және үшінші орынды жапондықтар Казуки Тамоно (97,10) мен Као Муира еншілеген (88,37).  

Сондай-ақ...