Бейжің-2022: Олимпиадаға дайындық

Бейжің-2022: Олимпиадаға дайындық

Бейжіңде қазір қысқы Олимпиада ойындарына қызу дайындық жүріп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Жақында ел астанасындағы ұлттық стадионда дүбірлі доданың ашылу салтанатына қатысты ауқымды дайындық жұмыстары өтті. Оған 4 мыңдай адам қатысты.

Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, ашылу салтанаты экология мен инновация тақырыптарына арналады. Белгілі болғаны, шоу бас-аяғы 100 минутқа созылады. Оған індет пен ауа райының суық болуы себеп. Ал ақ Олимпиаданың ашылу салтанаты 4 ақпан күні өтеді.